Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » Шымкентте субұрқақтарға жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Шымкентте субұрқақтарға жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласында жайлы ортаны дамыту басқармасының теңгерімінде 25 нысанда 40 субұрқақ бар. Бүгінгі күнде қала аумағындағы барлық субұрқақтары жүйелі түрде (кестеге сәйкес таймермен) жұмыс атқаруда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Оңғар Әбілқайыр Бақытқалиұлы айтты. Субұрқақтар белгіленген қосылу мезгілінен бастап демеушілік есебінен іске қосылып, бірнеше электр жүйелері мен насостары жаңартылды.

Оған қоса, Әкімшілік іскерлік аумағындағы «Тайқазан» субұрқағының электрлік жүйесі мен насостары жаңартылды, Әуежай аумағындағы субұрқақтардың насостары жаңартылды, Орталық саябақтағы субұрқақтың насостарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Орыс драма театр аумағындағы субұрқақтардың насостары жаңадан қойылды, Абай саябағындағы субұрқақтың электрлік жүйесі ретке келтірілді, Металлург саябағындағы субұрқақтың насосы жаңартылып, құбырына жөндеу жұмыстары жүргізілді, Имран кешені алдындағы субұрқағының насосы күрделі жөндеуден өтті, Чернобль гүлзарындағы субұрқағы 5 дана насос жаңартылып құбырын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта Әкімшілік іскерлік аумағындағы әуенді субұрқақтың барлық насостары жаңартылды. Қала тұрғындарының ұсынысы негізінде, Тәшенов және Түркістан көшелерінің қиылысында орналасқан тарихи Көл аумағын толығымен жаңарту жұмыстарын жүргізіп, аббаттандырып, жаңадан 3 (үш) субұрқақ қойылып, іске қосылды.

Еске салсақ, Шымкент қаласында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында мердігер мекемелер тарапынан көшелерді тазалауға 50 адамнан тұратын бригадалар құрылып, халық көп жүретін қоғамдық орындар мен аялдамалардың, жол жиектерінің тазалығын тұрақты қамтамасыз ету жұмыстарын күнделікті атқаруда. Бүгінгі таңда, мердігер мекемелер қала аумағындағы қылқан жапырақты ағаштарды жәндіктерге қарсы арнайы препараттармен дәрілеу, жай жапырақты ағаштарды әктеу және арнайы пішін (формовка) беру жұмыстарын тұрақты жүргізуде. 2025 жылға дейін Шымкент қаласында жасыл аймақты 21544 га дейін ұлғайту жоспарланған. Онда 6,5 млн. дана ағаш-бұталар өсірілетін айтты Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Оңғар Әбілқайыр Бақытқалиұлы.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*