Облыстық әкімдікте кіші жедел басқару орталығының жобасы таныстырылды,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен шарада Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, цифрландыру басқармасының басшы құрамы мен әкім орынбасарлары, басқарма басшылары қатысты. Жаңа жобаны «Алтау смарт» ЖШС-нің коммерциялық директоры Исатай Жүнісов таныстырып өтті.
Жиын барысында цифрландыру, қауіпсіздік үшін қажетті соңғы үлгідегі цифрлық құрал-жабдықтармен жабдықтау мәселелері қаралды. Сонымен қатар аудандарға кіші жедел басқару орталығын құру бойынша ұсыныстар көтерілді.
Шара соңында облыс әкімі құрылым басшыларына тапсырмалар жүктеп, жаңа жобаны зерделеуді жүктеді. Сондай-ақ тұрғындар қауіпсіздігін сақтау, қорғау бағытындағы бастамаларды қолдайтындығын айтты.
© Jetpisbai.kz