Aудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиын күн тәртібінде аудан көлеміндегі көрнекі ақпарат құралдарының жай-күйі, «Агроөнеркәсіп кешені» саласын дамыту бойынша берілген жоспарлардың орындалуы, ауыл округтеріндегі аббаттандыру, көгалдандыру, әлеуметтік нысандар, жолдар мен жол бойындағы ғимараттардың қаскелбеттері туралы мәселелер қаралды.
Аталған мәселе бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ә.Ысхах, ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Алтынбеков, аудан әкімі аппаратының басшысы Ж.Кадиев баяндама жасады.Тозығы жеткен көрнекі ақпарат құралдарын ауыстыру, ауылшаруашылығы саласындағы мерзімді көрсеткіштердің толық орындалуы және елді мекендердегі орын алып отырған кемшіліктерді жою бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Аудан басшысы алдағы уақытта хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бойынша кемшіліктердің болмауын атап өтіп, олардың мерзімінде орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Жиын соңында ауданның қоғамдық-саяси ахуалының тұрақтылығына кері әсерін тигізу ықтималдығы бар мәселелерге талдау жасалып, аппараттық мәжілісте баяндап отыру ұсынылды.
© Jetpisbai.kz