Түркістанда 2010, 2012-2013 жылы туылған жасөспірімдер арасында «Turkistan Cup – 2024» республикалық турнирі өтті. Сайысқа Астана, Ақтау, Тараз, Қонаев, Түркістан, Кентау қалалары мен Алматы облысынан 16 команда қатысты,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шараға қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев пен қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев қатысып, еліміздің әр өңірінен келген жас спортшыларға қолдау білдірді.
Ойын нәтижесінде 2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында «Түркістан командасына» чемпиондық кубок бұйырды. II-орынды «Қонаев командасы», III-орынды «Каспий командасы» иеленді.
Ал 2012-2013 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы чемпиондық кубокты Түркістан қаласының «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» команданасы қанжығаға байласа, II-орынды «Тұран Түркістан командасы», III-орынды түркістандық БЖМОФМ мектебіне бұйырды. Үздік ойыншыларға арнайы номинациялар табысталды.
© Jetpisbai.kz