Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ЖОЛДАУДА АЙТЫЛҒАН ӘРБІР ТАРАУ БОЙЫНША АУДАН АУМАҒЫНДА АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫСТАР САРАЛАНДЫ

ЖОЛДАУДА АЙТЫЛҒАН ӘРБІР ТАРАУ БОЙЫНША АУДАН АУМАҒЫНДА АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫСТАР САРАЛАНДЫ

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 9 человек, люди учатся и отдел новостей
Президент «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» тақырыбындағы Жолдауында Парламенттің екінші сессиясында қоғамдық бақылау, адам саудасына қарсы күрес, ғылым және технология саясаты, жылу энергетикасы, басқа да мәселелерді реттейтін жалпы 102 заң қабылданғанын айтты.
Сондай-ақ, халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін басқа да көптеген шара қолға алынғанын айтып, бұл бағытта жүзеге асатын жобалар барысына тоқтала кетті.
Жолдауда айтылған әрбір тарау бойынша аудан аумағында атқарылатын жұмыстарды саралап, түсіндіру мақсатында аудан әкімі Төлеген Телғараевтың төрағалығымен аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшыларының қатысуымен жиын өтті.
Возможно, это изображение 4 человека и отдел новостей
Аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы ауданның тұрақты әлеуметтік-экономикалық өрлеуін қамтамасыз ету, азаматтардың жасампаздық әлеуетін толық ашу және халықтың әл-ауқатын арттыру секілді маңызды міндеттер тұрғанын айтып, атқарылар ауқымды жұмысқа белсенді ат салысуға шақырып, нақты тапсырмалар жүктеп, жұмысты жандандыруды тапсырды.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*