Қаламызға қарасты Байырқұм ауылында «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша тұрғындарды тегін оқыту курсы жалғасуда,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бес күндік оқу жиынында арнайы сарапшы мамандар тегін тренинг өткізеді. Мұнда азаматтардың жеке және отбасылық бюджетті құрастыра білуінің артықшылықтарын меңгеріп шығады, азаматтардың тауарлық несиеге үміт артпай қажетті тауарлар мен қызметтерді алуына мүмкіндігін саралауды үйренеді, тұрғындарды несие мен қарыздың тұзағына түсірмеу жолдарын талдауға дағдыланады.
Сонымен қатар, бұғатталған есепшоттарды ашу бойынша құқықтық сабақтар өтіп, заңды шешу жолдарын үйрене алады.
Азаматтардың қаржылық мүмкіндіктерін бағалау негіздері, кіріс пен шығысты есептеу, шығындарды оңтайланлыру тәсілдері жөнінде оқу жиынына қатысушыларға лекторлар қызықты дәрістерін өткізіп, көрнекілік материалдарын таратты. Оқудың толық курсынан өткен тұрғындарға сертификаттар табысталатын болады. *Арнайы сертификат иелеріне қаржы сарапшылары мен заңгерлері бір жыл бойға тегін қолдау көрсететін болады (несие проблемалары, бұғатталған шоттар, т.с.с)*
Айта кетейік, аталған жоба алдыңғы аптада Монтайтас ауылында өткен болатын. Келесі аптадан бастап қаламызға қарасты басқа да ауылдық округтерде өтетін болады. Өтетін күні мен уақыты қала әкімдігінің ресми парақшаларында алдын ала жарияланатын болады. Қатысу тегін.
© Jetpisbai.kz