Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ЖЕКЕ ИНВЕСТОРЛАР ТАРАПЫНАН САЛЫНЫП ЖАТҚАН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ САНЫ АРТУДА

ЖЕКЕ ИНВЕСТОРЛАР ТАРАПЫНАН САЛЫНЫП ЖАТҚАН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ САНЫ АРТУДА

Аудан орталығынан жеке инвесторлар арқылы салынып жатқан 2 пәтерлі 18 тұрғын үйдің құрылысы қарқын алуда,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазіргі таңда онда қосымша 2 пәтерлі 6 тұрғын үйдің құрылысы қосылып, жалпы пәтер саны 48-ге жетті.
Нет описания фото.
Осы ретте аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков құрылыс жұмыстары жүріп жатқан аумаққа арнайы барып, сапасымен танысты.
Мердігер мекеменің өкілдерімен тілдесті. Бұған дейін жауаптыларға құрылыстың сәулеті мен суыққа төзімділігіне қатысты жүктелген тапсырмалардың орындалу барысын бақылауына алды.
Возможно, это изображение 2 человека
Айта кетейік, жаңа үйлер әлеуметтік жағынан осал топтағы тұрғындарға арнап салынуда. Үйлердің сыртқы фасады травертинмен әсемделіп, суыққа төзімді етіп салынуда. Су, жылу сынды коммуналдық қызметтері мен ішкі жұмыстары толық жүргізіледі. Әр тұрғын үйдің жалпы алаңы 71,1 шаршы метр аумақты құрайды. Қазіргі уақытта құрылыс аумағында жұмыс күші арта түскен.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*