Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы қабылдау өткізді

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы қабылдау өткізді

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Басқарма басшысының жеке қабылдауына алдын ала 10 адам жазылып, бүгінгі кездесуге оның 6-ы қатысты. Қалған тұрғындарға мамандар хабарласып, мәселесі жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізген. Ж.Өтебаеваға ұсынысын жеткізген тұрғынның бірі – Фарида Бакибаева. «Арман әлемі» қауымдастығы атынан келген азамтша ерекше балаларға орталық ашу, арнайы мамандарды даярлау жөнінде жоспарымен бөлісті. Басқарма басшысы ерекше жандарға арналған орталықты іске қосу жөніндегі бекітілген тәртіпті түсіндіріп, алдағы уақытта ұсынысын заң шеңберінде қарастыратынын жеткізді. Қабылдауға қатысқан тұрғындардың басым бөлігі шипажайға жолдама кезегі бойынша шағымын жеткізді.

Қазіргі таңда зейнеткерлердің шипажайда сауықтыру емі үшін жолдама кезегі geo-shym.kz порталы арқылы автоматтандырылған. Кез келген зейнеткер кезек ретін үйден шықпай-ақ, ұялы телефоны арқылы бақылай алады. Бүгінде кезекке 26 мыңнан астам зейнеткер тіркелген. Жыл сайын қала мәслихатының шешімімен 5 мың зейнеткерге тегін жолдама беру қарастырылған. Одан бөлек, «Ізетті Зейнеткер» сауықтыру кешені жылына 2 мың зейнеткерге емдік-сауықтыру қызметін көрсетеді. Жанат Өмірсейітқызы зейнеткерлерге шипажайға жолдама кезегі жөнінде түсіндіріп берді. Мұнан өзге, қабылдауда мүгедектігі бар азаматты тұрақты жұмыспен қамту мәселесі де көтерілді. Бұл жөнінде басқарма басшысы тиісті сала мамандарына тапсырма жүктеді.

Басқарма басшысы Ж.Өтебаеваның жеке қабылдауы әр аптаның сәрсенбі күні сағат 09:00-12:00-ге дейін жалғасады. Қабылдауға қатысу үшін алдын ала жазылуы тиіс. Ол үшін Бәйтереков 89 мекен жайындағы 21 кабинетке келіп немесе 77-11-03 байланыс нөмірі арқылы жазылуға болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*