Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТІК ТАЕКВОНДОШЫЛАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

ШЫМКЕНТТІК ТАЕКВОНДОШЫЛАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында, Олимпиадалық таеквондодан (WT) ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған жарысқа Шымкент қаласынан он сегіз спортшы қатысып, төрт алтын, бес күміс, бес қола медаль жеңіп алды. Бұдан басқа олар командалық жүйедегі бас жүлдені құрама қоржынына салды. Туған жеріне жеңіспен оралған жеңімпаздарды, таеквондо федерациясының президенті Нұрсұлтан Жұманов арнайы құттықтап марапаттады. Жеңімпаз спортшыға федерация тарапынан бағалай сыйлықтар табыс етілді.
Жеңіс тұғырынан көрінген жерлестерімізге сәттілік тілейміз. Еліміздің атын байрақты додаларда асқақтата берсін!
Алтын медаль алғандар:
Темірхан Самат 54 кг.
Лес Абдуссамат 74 кг.
Дүйсебай Смайыл 87 кг.
Ергешова Феруза 73 кг.
Күміс медаль иелері:
Абабакиров Самирхан 54 кг.
Дуйсенов Шамсат 58 кг
Қожахмет Нұрқанат 80 кг.
Ирисметова Зиеда 46 кг.
Нарбаева Ясмина 57 кг.
Қола медаль алғандар:
Бақтиярұлы Қазыбек 63 кг .
Қожахмет Алмат 68 кг.
Бақберген Нұрсат 68 кг.
Марипов Абдурахман 74 кг.
Усманова Асель 49 кг.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*