Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында алғашқы болып қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы И.Азизбаев баяндама жасады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Кентау Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол Кентау қаласы және ауылдардың 2024 жылдың 1 қыркүйектегі жағдайға бюджеттің орындалуы туралы мәлімет берді.
Екінші болып қалалық ТҮКШ және ТҮ инспекциясы бөлімінің басшысы Т.Искаков әрбір сенбіде өткізіліп жатқан тазалық шарасы бойынша баяндап өтті. Биылғы жылдың сәуір айынан жалғасып жатқан сенбілікке кентаулықтар белсенді атсылысып, қала тазалына үлес қосуда. «Таза Қазақстан» науқанын жалғастыру жыл соңына дейін жүзеге асырылатыны айтылды.
Қала әкімдігі аппаратының бөлім басшысы Н.Өсенбай мен 109 байланыс орталығының басшысы Ж.Қожахмет ауылдардағы сменбілік жұмыстары мен секторлардағы берілген тапсырмалардың орындалуы жайында баяндап өтті.
Баяндамашыларды тыңдаған қала басшысы қаладағы тазалық шарасын әр апта сайын белсенді түрде өткізуді, ол бойынша ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың кешегі жолдауында да «Таза Қазақстан» науқанына ерекше назар салынатынын, жұмыстар жалғасатынын атап өткенін айтты.
Тазалық жұмыстарына қала тұрғындары мен жастарды атсалысуға шақырып, әрбір аула, саябақ, көшелерді күл-қоқыстардан тазартып отыруға бейімдеу қажет екенін тапсырды. Әрбір берілген тапсырма жүйелі жүргізіліп, атқарылу барысы бақылауда болатынын ескертті.
© Jetpisbai.kz