Aудан әкімі Ерлан Нурмаханов аудан тұрғындарымен кезекті жеке қабылдау өткізді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Бәйдібек Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қабылдауда Боралдай, Борлысай, Шаян, Алғабас және Ақбастау ауылдық округтерінен келген тұрғындар аудан әкіміне өздерінің толғандырған мәселелерін көтеріп, өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.
Жеке қабылдауда болған тұрғындар ауыл шаруашылығын және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында көрсетілетін қолдаулар, балық шаруашылығы, берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімін құжаттандыру, Қазата елді мекеніндегі ішкі газ жүйелері құрылысы, ауыл ішінде тұрмыстық қатты қалдық тастайтын орынды реттеу, тұрғын үй кезегі және жеке мәселелерін айтып өтті.
Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов тұрғындардың көтерген бірқатар мәселелерінің заң шеңберінде жоспарға сәйкес шешімін табатындығын түсіндірді.
Тұрғындар тарапынан айтылған мәселелерді заңнама талаптарына сәйкес орындау бойынша тиісті бөлім, мекеме басшылары мен ауылдық округі әкімдеріне тапсырмалар жүктеді.
© Jetpisbai.kz