Кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Д.Таевтың төрағалығымен жедел кеңесі өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2024-2025 оқу жылында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және оқушылары арасында профилактикалық жұмыстар жүргізу мақсатында барлық білім беру ұйымдарына ювеналдық полиция инспекторлары, учаскелік полиция инспекторлары және криминалды полиция бөлімінің жедел уәкілі қызметкерлері бекітілді.
Бекітілген қызметкерлер профилактикалық жұмыстармен қатар күнделікті таңертеңгі, түскі және кешкі уақытта білім беру ұйымдарының аумағында орналасқан жаяу жүргіншілер жолағында қызмет атқарып, оқушылардың оқу сабағына қауіпсіз келіп-кетуін қамтамасыз ететін болады.
Ондағы мақсат – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Мектеп аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, автокөлік жүргізушілерінің, әсіресе мектеп маңында, жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермеу.
© Jetpisbai.kz