Тұран ауданы «8-қыркүйек Отбасы күні» мерекесіне арналған іс-шара жоспары негізінде, Тұран ауданы АХАТ бөлімінде аудан тұрғындары Қуанышбай Саян және Темірхан Бибінұрға неке қию куәлігі салтанатты түрде табысталып, аудан әкімі атынан алғыс хат пен сыйлық берілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Тұран Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар, Тұран ауданы мемлекеттік коммуналдық мекемесінің қызметкерлеріне Отбасылық қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында курс өткізіліп, нәтижесінде 65 отбасыға қаржылық сауаттылық арттыру бойынша сертфикаттар берілді және «Отбасы банк» қызметкерлерін қатысуымен мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
© Jetpisbai.kz