Ауданның құрылғанына 60 жыл толуына орай ұйымдастырылған “Ауылым алтын бесігім” өнер фестивалі Бөржар ауылдық округінде жалғасын тапты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бөржар ауылының ардагерлері аудан орталығында болып, Темірлан монументі, Шәмші Қалдаяқов атындағы аллея, «Этноауыл», «Темірлан» спорт кешенінің құрылысы, Самал-3 мөлтек ауданындағы коммуналдық тұрғын-үй құрылысы мен Аббасов көшесі бойындағы аббаттандыру жұмыстарымен танысып, Құртай каналы бойындағы демалыс аймағын аралады.
Арнайы ұйымдастырылған ауылшаруашылық өнімдері, қолөнер бұйымдары және ұлттық тағамдар көрмесін тамашалады.
Ауыл ақсақалдарына арналып әзірленген мерекелік дастархан басында аудан әкімі ауылдың тыныс-тіршілігімен қоса, зиялылардың ел әлеуетін арттыруға қатысты бірқатар ұсыныс пікірлерін тыңдап, ел ағаларының батасын алды.
Аудан әкімі Азат Оралбаев бөржарлықтарға жүрекжарды құттықтауын жеткізіп, ауданның 60 жылдығы аясында ел игілігіне сүбелі үлес қосқан азаматтарға алғыс жариялап, сый-құрмет көрсетті.
Шара мерекелік концертке ұласып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
© Jetpisbai.kz