Төлеби ауданының ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен үлгілі отбасыларды дәріптеу мақсатында «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» байқауының қатысушысы Бекишовтар отбасын марапаттау рәсімі өткізілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараға Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Абдиев, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ә.Шыңғысбаев, ҚХА жанындағы Төлеби аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің төраға орынбасары А.Османов, ҚХА жанындағы Төлеби аудандық неміс этномәдени бірлестігінің төрайымы Л.Климентьевна, аудандық аналар кеңесінің төрайымы А.Рахишова және аналар алқасы мүшелерімен жас отбасылар қатысты.
Іс-шараның мақсаты: “МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ” байқауының қатыушысы Бекишовар әулетінің ерең еңбектері мен жұмыс жолындағы жемістерін, отбасы құндылықтарын, бала тәрбиесін дәріптеу дұрыс бағыт бағдар беру және білімге баулуды жастарға, жас отбасыларға үлгі ретінде көрсету.
© Jetpisbai.kz