Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » БАСҚАРМАНЫҢ АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

БАСҚАРМАНЫҢ АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент Қаласының Денсаулық Басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов төрағалық еткен жиында басқарманың жеті айлық есебі, жұқпалы аурушаңдықтың эпидемиологиялық ахуалы және профилкатикалық егумен қамту туралы мен медициналық сақтандыру және онкологиялық көмектің есебі тыңдалды.
Возможно, это изображение 3 человека
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нурлыбек Асылбеков 7 айдағы жұмыс қорытысын баяндап, жоспарларға тоқталып кетті.
“Медициналық ұйымдардың ұлттық аккредитациядан өтуі 48,7%-ды құрады. Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыруды ұлғайту мақсатында Шымкент қаласының медициналық ұйымдарында 5 пилоттық жоба жұмыс жасауда. Қазіргі таңда әрбір медициналық ұйым 2024 жылға жоспарлаған даму жоспары шеңберінде барлық шығыстарын оңтайландыру бойынша жүргізіп қайта нақтылау жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар басқарма тарапынан медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін аймақтық жоспары бекітілді” -деді Н. Асылбеков.
Айта кетейік,алқа отырысына қаладағы мемлекеттік және жеке меншік медициналық ұйымдардың, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының бірінші басшылары қатысты.
Возможно, это изображение 6 человек и текст
Жиын соңында Қуаныш Жұмабекұлы МӘМС, эпидемиялогиялық ахуал, көрсеткіштер бойынша проблемалы мәселерге тоқталып,жүйелі жұмыс жасауды тапсырды.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*