Түркістан қаласындағы Түлкібас ауданының мәдени күндері өз мәресіне жетті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кең байтақ Еліміздің рухани астанасы, өңіріміздің орталығы Түркістан қаласының «Керуен сарайының» алаңында Түлкібас ауданының көркемөнерпаздары облыс жұртшылығына «Өнерлі өлке» фестивалі аясында «Текті төрім-Түлкібас» атты концерттік бағдарламасын тарту етті.
Мың жарым жылдан астам тарихы бар, қазақ хандығының астанасы болған, шартарапқа кеткен керуен жолдарының тоғысқан жері, Ұлы Жібек жолының орталығына айналған киелі Түркістан қаласының аспан астында аудан әншілері «Қызғалдақты –Түлкібас», “Саржайлауым”, “Қазақстаным”атты әндерді шырқаса, бишілеріміз «Айгөлек» сынды би қойылымдарын қалың жұртшылыққа паш етіп, көрермендердің жүрегін баулады.
Сахына алдына 1000-ға жуық көрермен жиналып, ауданның көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалап, мәре-сәре күй кешті.
© Jetpisbai.kz