Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ОТАНАМЫЗДЫҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ — ОТБАСЫ

ОТАНАМЫЗДЫҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ — ОТБАСЫ

Aудан әкімінің міндетін атқарушы Алдияр Қозыбаев «Халықаралық отбасы күні» мерекесіне орай көпбалалы, отандасқандарына 40,50 және 60 жыл толған үлгілі отбасыларды сонымен қатар, жаңадан отау құрған жас отбасыларды арнайы құттықтады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 3 человека, помост и текст
— Құрметті ағалар мен апалар,жас отбасылар !Баршаңызды отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Отбасы – еліміздің мызғымас тұрақтылығының, ауызбіршілігі мен болашағының қайнар көзі. Себебі тәрбиелі ұрпақтың ел мен жерге адал қызмет жасауы жанұядағы өнегеден бастау алмақ. Сондықтан да, «Отбасы» қашанда қоғамның іргесін ұстайтын маңызды тетігі, діңгегін қалаушы берік кірпіші.Қазақ халқы үшін отбасы ұғымы қашаннан қасиетті де киелі. Дана халқымызда «Отан – отбасынан басталады» деген керемет сөз бар. Отбасында жарасым, сүйіспеншілік, мейірім болса ғана шаңырақ биік құрылып, керегесі кең болып, түтіні түзу ұшады. Сіздер отбасы құндылығын берік ұстап, мәуелі бәйтеректей тамырын кеңге жайған өнегелі отбасысыздар. Өмір жолдарыңызда көптеген маңызды қызметтерді абыроймен атқарып, алдыңғы буын – ағаларымыздың тәлімді тәжірибесін лайықты жалғастырып келесіздер.Сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық тілеймін,- деп аудан әкімінің міндетін атқарушы Алдияр Қозыбаев жиналған үлгілі отбасыларға арнайы сыйлықтар, алғыс хаттар мен гүл шоқтарын сыйлады.
Возможно, это изображение 3 человека, больница и текст
Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары мерекеге орай жаңадан отау көтерген жас отбасыларға неке куәлігі мен арнайы сыйлықтар табыстады. Жалпы ауданның 14 үлгілі отбасын құттықтады.
Кездесуге қатысқандар ағалардың атынан Жібек жолы ауылдық округінің тұрғыны, бірнеше ұл-қызды тәрбиелеп өсірген үлгілі, мерейлі отбасының ақсақалы Кендебай Қойлыбаев атамыз сөз алып, өздеріне көрсетілген құрмет үшін аудан әкімдігіне алғыстарын айтып, ауданның өсіп-өркендеуіне жемісті қызмет етуін тіледі.
Возможно, это изображение 6 человек и текст
Сонымен қатар, аудан әкімінің міндетін атқарушы Алдияр Қозыбаев аудандық орталық аурухананың перзентхана бөліміне арнайы барып, ана атанған жас аналарымызды мерекемен құттықтап бағалы сыйлықтар табыстады.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*