Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ТАҒЫ 90 ҮЙДІ ТАПСЫРУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ТАҒЫ 90 ҮЙДІ ТАПСЫРУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

Жыл басынан бері тұрғындарға 167 әлеуметтік тұрғын үйдің кілті табысталған Жетісай ауданында жыл соңына дейін тағы 90 пәтердің кілтін тапсыру жоспарланып отыр. Нақтырақ айтар болсақ, бүгінде Асықата кентінде 3 қабатты 54 пәтерлі, Қазыбек би ауылдық округі Қазыбек би елді мекенінде 2 қабатты 16 пәтерлі және Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Қызыл таң елді мекенінде 2 қабатты 16 пәтерлі арендалық тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Жетісай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 2 человека и костюм
Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов жұмыс кестесі аясында аудандық мәслихат депутаты Марат Ділдәбековпен бірге Қызыл таң елді мекенінде болып, тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысты. Кәсіпкермен кездесіп, атқарылған жұмыстардың барысын, сапасын көрді.
«Құрылыс НҰРТАС» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізіп отырған 2 қабатты 8 пәтерлі 2 тұрғын үйдің жалпы аумағы 960 шаршы метрді құрайды. Мамырда басталған құрылыс жұмыстары қазан айында тапсырылады деп жоспарланып отыр. Бүгінде негізгі құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Жүргізілген жұмыстардың сапасына сенімді болу мақсатында отандық өнімдер пайдаланылған. Аталмыш тұрғын үйлердің ауласында талапқа сай балалардың ойын алаңшалары мен автотұрақ та іске қосылатын болады.
Возможно, это изображение 5 человек и костюм
«Жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары барысында сапаға айрықша көңіл бөлуіңіздер. Бұл үйлерде тұратын адамдардың өміріне ешқандай қауіп төнбеуі керек. «Жоспарды орындаймыз, мерзімінде тапсырамыз» деп адамгершіліктен аттап кетпеңіздер» деді аудан басшысы.
Возможно, это изображение 1 человек и костюм
Бұдан бөлек «Жайлы мектеп» жобасы аясында Асықата кентінен 900 орындық, Жетісай қаласынан 1500 орындық, Ынтымақ ауылдық округінен 600 орындық мектептердің және 2 амбулатория мен 4 фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы жүргізіліп жатса, 1 мектеп күрделі жөндеуден, 5 мектеп пен 3 балабақша ағымдағы жөндеуден өтуде. 6 мектептің жылыту қазандықтарын қатты отыннан табиғи газға қосу жоспарланған. Сондай-ақ, Қарақай ауылдық округіндегі Сәтпаев, Жаңа ауыл ауылдық округі Мырзашөл елді мекендеріндегі мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өтуде.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*