Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫН ТЕРГЕУ САПАСЫН ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫН ТЕРГЕУ САПАСЫН ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы Мұхтар Қожаевтің төрағалығымен өткен іс-шараға Шымкент қаласы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары полиция департаменттерінің тергеушілері және прокуратура, сот, қаржылық мониторинг агенттігі және екінші деңгейдегі банктер өкілдері қатысты. Кездесу ҚР ІІМ Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығында ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шараға қатысушылар ғаламтордағы алаяқтықпен байланысты қылмыстық істерді тергеу процесінде туындайтын проблемаларды және оларды шешу, бұл құқық бұзушылықтардың алдын алу жолдарын талқылады. Онлайн түрде жасалатын алаяқтықтың профилактикасы мен оны болдырмау мақсатында полицейлермен кешенді шаралар қабылданып, белсенді жұмыс атқарылуда. Аталған қылмыстармен күресу үшін арнайы «Киберпол» бөлімдері де құрылған. Тұрғындармен интернет-алаяқтықтың құрбаны болмас үшін және одан сақтану бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде екені атап өтілді.
Көшпелі семинар-кеңес қатысушылары тәжірибе алмасып, интернет-алаяқтықты тергеу сапасын жақсартуға ықпал ететін тәсілдер туралы пікірлерімен бөлісті.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*