Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, полицияның оң имиджін калыптастыру мақсатында, ұлты өзге полиция қызметкерлері арасында іс-шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Яғни Түркістан облысы полицейлері арасындағы басқа ұлтты қызметкерлер өздерінің қағаз тілін жетік меңгергенін бейнежазба арқылы жеткізуде.
Мәселен Сайрам аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы полиция подполковнигі Елена Яврова, ұлты орыс. Десе де ІІО-дағы 28 жыл жұмыс өтілі кезінде тұрақты түрде мемлекеттік тілді қолданып келеді.
Осы уақыт аралығында адал жұмысымен көзге түсіп, жоғары көрсеткіштерге кол жеткізген. Яғни тұрғындар тыныштығын сақтап қана қоймай, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге үлес қосып жүрген қызметкер. Полицей шаңырағында 2 перзент тәрбиелеп өсіруде.
© Jetpisbai.kz