Абай ауданы әкімі аппараты, Прокуратура қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары және жастар ресурстық орталығының қызметкерлері бірлесіп аудан жастары мен жасөспірімдері арасында Түнгі рейдтік жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түнгі рейд шарасының басты мақсаты — жасөспірімдер арасында орын алатын құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігін, балалар құқығының қорғалуын қамтамасыз ету.
Түнгі рейд барысында кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер анықталды. Нәтижесінде, құқық қорғау қызметкерлері тарапынан тиісті хаттамалар толтырылып, ата-аналарына ескерту жасалды.
Аталмыш бағыттағы рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта тұрақты түрде өз жалғасын табатын болады.
© Jetpisbai.kz