Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте коммуналдық қалдықтарды басқарудағы өзекті мәселелер, жаңа жұмыс орындарын құру жоспарының қорытындысы мен санитариялық-эпидемиологиялық ахуал талқыланды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 1 человек
Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ә. Оңғар тақырып аясында баяндама жасап, коммуналдық қалдықтарды басқарудағы өзекті мәселелерге тоқталды. Қала басшысы жауаптыларға шетелдік компаниялардың тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауытын салу ұсыныстары бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуді тапсырды.
Возможно, это изображение 1 человек
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ж.Өтебаева жаңа жұмыс орындарын құру жоспарының орындалуын баяндады. Жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында биыл 56 962 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, осыған дейін 32 300 адам қатысып, жоспар 57% орындалып отыр. 26 482 адамды іске асырылып отырған тұжырымдамалар, даму бағдарламасы және азаматтардың жеке бастамасымен құрылған жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жоспарланған, нақты 13 102 адамға орындалып отыр. Қала әкімі сала басшысына жұмыспен қамту шараларын тиісті басқармамен бірлесе атқарып, инвестициялық жобаларда құрылатын жаңа жұмыс орындарына жергілікті азаматтарды тартуды ұйымдастыруды тапсырды.
Возможно, это изображение 6 человек и текст
Жиында жылу маусымына дайындық шаралары пысықталып, өзекті мәселелер бойынша шешімдер қабылданды. Аудан әкімдеріне халыққа қолайсыздық туғызатын жағдайларды алдын алу бойынша тапсырма берілді.
— Әр әкім өз ауданындағы жағдайдан хабардар болып отыруы керек. Қай жерде қандай жұмыстар атқарылып жатыр, қай жерде қандай проблема бар, үнемі қадағалау керек. Аудан аумағындағы кез-келген жағдайға жауапты болуы тиіс — деді Ғ.Сыздықбеков.
Возможно, это изображение 8 человек и текст
Сондай-ақ мәжілісте тұрғын үй қорын жаңғырту бағытындағы жұмыстарды жүргізуде де сала басшысына нақты тапсырмалар берілді.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*