Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков орталық жылу қазандығында анықталған ақауларды ай соңына дейін толық аяқтауды тапсырған болатын, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 4 человека
Aппараттық мәжілісте Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің басшысы Нұрлан Тілеш қазіргі таңда қажетті құрал-жабдықтардың жеткізілгенін, тапсырма мерзімінде орындалатынын баяндап, өзге де атқарылған жұмыстардың есебін ұсынды. О.Жандосов көшесіндегі қоршауға, Теміржол вокзалы аумағын абаттандыруға байланысты ескертулердің жүзеге асырылу жайы да баяндалды.
Қала әкімінің кеңесшісі Мадияр Асан Әкімшілік-іскерлік орталығына қатысты берілген тапсырмаларға тоқталып, бекітілген аумақтарында Бизнесті қолдау және туризм, Ішкі саясат бөлімдері тапсырманы толық аяқтағанын жеткізді.
Возможно, это изображение 3 человека
Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұхит Көшеновтің мәлімдеуінше өткен аптада заңсыз орнатылған 23 жарнама жойылған. Жыл басынан бері 62 жарнама нысаны заң талаптарына сәйкес тіркеуге алынған.
Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Кадырболат Мусагалиев қыркүйек айында секторларда спорттың 6 түрінен сайыс және оқушылар арасында кіші футболдан турнир жоспарланғанын айтты. Арнайы бағдарлама жасалып, ашық аспан астында “Алтын күз әуендері” концерті ұйымдастырылуда.
Құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Бексұлу Сүлейменованың баяндауынша, облыс әкімінің хаттамалық 7 тапсырмасының 3-уі — тұрақты, 4-і мерзімі бар болуына байланысты орындалуда. Қала әкімінің 52 тапсырмасы бойынша тиісті жұмыстар атқарылып, 13 тапсырма бақылаудан алынған, қалған 39 тапсырманың 5-уі тұрақты, 34-нің мерзімі бар.
Возможно, это изображение 1 человек, отдел новостей и текст
Мәжілісте сондай-ақ қала тазалығын қамтамасыз ету, абаттандыру және құрылыс жұмыстарына қатысты ұсынылған мәліметтер мен жұмысшы топпен анықталған кемшіліктер сараланды.
Нұрбол Әбдісаттарұлы биыл аяқталуы тиіс құрылыс нысандарының жұмысына қадағалауды күшейту қажеттігін атап өтіп:
— Өндірістік кестеден кешіккен мердігерлер анықталған жағдайда заң аясында шұғыл шара көру қажет. Барлық нысандардың жұмысын зерделеп, есебін ұсыныңыздар. Мердігерлердің, авторлық бақылаушы, техникалық қадағалаушы мекеме өкілдерінің, қоғамдық бақылауды жүзе асырып жүрген азаматтардың қатысуымен техникалық кеңес өткізуді тапсырамын, — деді.
Возможно, это изображение 6 человек и люди учатся
Мәжіліс қорытындысымен орынбасарларға жетекшілік ететін салалары бойынша бірқатар тапсырма жүктелді.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*