Келес ауданындағы №47 Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Сүндетқұл Кәусар Қалмырзақызы жастайынан еңбекке араласып, қазақтың ұллтық қолөнер бұйымдарын жасауды меңгеруде, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Келес Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінде көп балалы өнерлі отбасында өсіп жатқан Кәусар атасына көмектесіп домбыра, қобыз, ұлттық жәдігерлер мен қолөнер бұйымдарын жасайды.
— Менің атам 20 жылдан бері қолөнермен айналысады. Атамның кішкентай кезінен қасында жүріп, жасаған заттарына ұлттық оюды бедерлеп, кейде өзім де түрлі бұйымдар жасаймын. Маған бұл қатты ұнайды. Сабақтан кейін үйге қарай асығамын, бос уақытымды тиімді өткізгім келеді. Мектепте көркем еңбек пәні қатты қызықтырады,-дейді талантты оқушы.
Айта кету керек, Кәусардың әкесі шаштаразшы, ал анасы мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Жас қыздың атасы Сапарбеков Сүндетқұл Алтынбекұлы болса ауданға танымал шеберлердің бірі.
Атасы мен немересінің жасаған қолөнер бұйымдары, домбыралары түрлі көрмелерге қойылған. Ауыл тұрғындары арасында да сұранысқа ие. Жас шәкірттің өзі оқуда озат, түрлі деңгейдегі байқауларда жеңіс тұғырынан көрініп келеді.
© Jetpisbai.kz