Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасынның басшысы Нурлыбек Асылбеков Еңбекші ауданына қарасты Қаратөбе елді мекеніндегі тұрғындармен кездесу өткізді.
Қаланың бас дәрігері кездесуде жергілікті халықтың пікірін тыңдап, медицина саласындағы мәселелерін талқылады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент Қаласының Денсаулық Басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиында жергілікті тұрғындар бекілтілген халық тіркелімі бойынша «Дария-медикус» ЖШС-на тіркеп беруін сұранды. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Асылбеков медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту бойынша сәйкес, 1 қыркүйектен бастап бекіту науқаны басталғаны бойынша, қордың бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде 1 қыркүйектен бастап 1 қараша аралығында бекіту науқанын жүргізілетінін түсіндірді. Аталған науқан аясында әрбір азамат өз қалауы бойынша емханаға тіркеле алады.
Сондай-ақ қаланың бас дәрігері «Дария-медикус» орталығын аралап, медициналық көмек бойынша дәрігерлермен талқылау жүргізді. Аталған орталықта 11-мың халық тіркелген. Медициналық ұйымның жұмысымен танысқан басқарма басшысы қаладан немесе шетелдерден бейінді мамандарды тарта отырып, мамандардың біліктілігін арттыру бойынша түрлі дәрістер өткізіп, халықты тегін медициналық қызметтермен толыққанды қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берді.
© Jetpisbai.kz