«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында ауданның осал топтағы азаматтары пилоттық жоба бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған грант қаражатын алып, құлпынай көшеттерін егіп, өнім алуда, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауданға қарасты Жартытөбе ауылдық округі, Төңкеріс елді мекенінің тұрғындары арасынан 2023 жылдың маусым айында пилоттық жоба бойынша 40 әлеуметтік осал топтың азаматы, нақтырақ айтсақ, 11 атаулы әлеуметтік көмек алушы, 2 ерекше бала күтуші, 3 мүмкіндігі шектеулі азамат, 24 көп балалы отбасы жалпы грант иегері атанды.
Жалпы 40 азаматтың әрқайсысы бизнес идеясын жүзеге асыру үшін жалпы көлемі 6 гектар егістік алқапқа 480 000 дана көшет отырғызып, жиым терім маусымында 180 000 кг құлпынай өнімі алынды.
Айта кетсек, Жартытөбе ауылдық округі құлпынай өсіруге өте қолайлы мекен болып табылады. Мемлекеттік қайтарымсыз грант алған әр адам құлпынай өнімін алып, еліміздің түкпір-түкпіріне саудалап отбасының табысын арттырып, кәсіптерін дөңгелетуде.
© Jetpisbai.kz