Астанада Түркістан облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторлары Перизат Жақыпбекова мен Айнұр Ақжігітова белбеу күресінен жарысқа қатысып, қарсыластарынан оза шапты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жүзден жүйрік атанған Перизат күміс алқаны, ал Айнұр қола жүлдені қанжығалады.
Ең қауіпті, ең маңызды салалардың бірінде қаймықпастан қызмет атқарып жүрген қыздар бала кезден полицей болуды армандаған. Олардың табысқа жету жолы — еңбек, табандылық және өз ісіне деген сүйіспеншілік. Олар күш-жігердің арқасында жаһандық, халықаралық және республикалық деңгейде тамаша нәтижелерге қол жеткізуге болатынын көрсетті.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және жаңа биіктерге жетуіне тілектеспіз!
© Jetpisbai.kz