Aудан әкімі Азат Оралбаев бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қабылдауға келген тұрғындар аудан басшысына өздерінің алаңдатқан талап-тілектерін айтып, оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.
Қабылдауға келгендер әлеуметтік қолдау, жер мәселесі, ауданның «Құрметті азаматы» атағын беру, кәріз жүйесі бойынша жүгінді.
Қабылдау барысында аудан әкімі әр мәселеге жеке тоқталып, заңдылыққа сәйкес түсіндіріп, мәселені шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Мұнымен қоса, өзге де келген азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстары бойынша жауапты сала басшыларына мүмкіндіктерді қарастыра отырып, заң аясында шешу қажеттігін тапсырды.
© Jetpisbai.kz