Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ЛЕЗДЕМЕЛІК МӘЖІЛІС ӨТКІЗДІ

ЛЕЗДЕМЕЛІК МӘЖІЛІС ӨТКІЗДІ

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков салаларға бекітілген жоспар мен берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша лездемелік мәжіліс өткізді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Күн тәртібіне сәйкес, бөлім басшылары атқарылған жұмыс есебін ұсынып, тапсырмаларды тарқатып баяндады.
Возможно, это изображение 3 человека и текст
Шілде айында секторларда өткен жеке қабылдауының қортындысымен берілген 54 тапсырманың 52-сі орындалып, бақылаудан алынған, 2 тапсырма бойынша тиісті шаралар атқарылуда.
Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің басшысы Нұрлан Тіленші «Шауғар» секторындағы аллеяда жер тегістеліп, аяқ жол төселгенін, автоматты суару жүйесін орнату жұмысы жалғасып жатқанын, ал «Бірлік» секторындағы аллеяда қазіргі таңда сәулеттік қондырғылар орнатылып басталғанын жеткізді.
Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Талғат Үсенбаевтың мәлімдеуінше, коммуналдық меншіктегі пәтерлерде орналасу заңдылығына түгендеу жүргізу барысында 3418 пәтер араланып, нәтижесімен 110 акт түзілген. 3308 пәтер өз мақсатында пайдаланылуда.
Возможно, это изображение 2 человека и люди учатся
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Эльмира Бейсенова өз кезегінде әлеуметтік сала көрсеткіштеріне тоқталды. АӘК алуға 3488 отбасы өтініш білдірген. 1387 отбасының тұрмыстық жағдайын зерделеу барысында 293 отбасы мұқтаж еместігі анықталған. Даму жоспарында бөлімге бекітілген 5 индикатордың бірі орындалып, өзгесін жыл соңына дейін атқару көзделген. Жұмыспен қамту бағдарламасының Еңбек бағытына 4946 азамат тартылған. Оның ішінде Жастар практикасымен — 528 жас маман, қоғамдық жұмыс орындарына — 1265, әлеуметтік жұмыс орындарына — 144, «Күміс жас» жобасымен — 173, тұрақты бос жұмыс орындарына 2279 азамат жолданған.
Возможно, это изображение 3 человека и текст
Нұрбол Әбдісаттарұлы мерзімі таяған хаттамалық тапсырмаларды да саралап, жауаптылардың уәжін тыңдады:
— Жылдың жұмыс жоспары қараша айында толық жабылуы тиіс. Ал, желтоқсан айын біз келесі жылдың тірліктерін пысықтауға арнаймыз. «Епшіл адам ертеңге іс қалдырмайды», ақталуға емес, жұмыстың бабын табуға тырысыңыздар, — деп, мәжілісті қорытындылады.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*