Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСІП, ОЛАРДЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРДІ

ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСІП, ОЛАРДЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРДІ

Түркістан облысының прокуратурасы «Инвест-Керуен» акциясын іске қосты. Акция шеңберінде прокуратура әкімдік, «Атамекен» ҰКП және «Kazakh Invest «ҰК» АҚ өкілдерімен бірлесіп инвестициялық жобалар өкілдерінің қатысуымен көшпелі кеңестер ұйымдастыруда, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 2 человека и текст
Төлеби ауданы әкімдігінің конференц залында Түркістан облысы прокурорының орынбасары Саян Шаймұратұлы Келдібековтың төрағалығымен «Инвест-Керуен 2» акциясы аясында жиын өтті. Кездесуге аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаев, аудан прокуроры Дастан Мырзағали қатысты.
Аудан көлемінде іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың жай-күйін зерделеуге бағытталған басқосуда Саян Шаймұратұлы кәсіпкерлермен тілдесіп, оларды толғандырған сұрақтарына жауап берді. Жиынның мақсаты — бизнес субъектілерінің құқықтарының бұзылуын қорғау және болдырмау, инвестициялық жобаларды сапалы сүйемелдеу, кедергілерді анықтау және жою екендігін түсіндірген Саян Шаймұратұлы кәсіпкерлерді ашық диалогқа шақырды.
Возможно, это изображение 3 человека
— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеу маңызды екенін атап өтті. Бас прокуратура ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетіп, инвесторларға «жасыл дәліз» қағидасы бойынша жеңілдіктер берілді, деді өз сөзінде облыс прокурорының орынбасары.
Возможно, это изображение 3 человека, отдел новостей и текст
Еркін форматтағы кездесуде инвесторлар проблемалық мәселелерін сөз етіп, прокуратура мен аудан әкімдігі тарапынан оларды шешуге бағытталған шаралар қабылданатынын айтып, ұсыныстарын тыңдап, пікірлеріне назар аударды. Инвесторларды жеке қабылдаған Түркістан облысы прокурорының орынбасары Саян Келдібеков инвестициялық ахуалға әсерін тигізетін жағымсыз үрдістерді жою мақсатында көмектер көрсетіліп, кедергілер жойылатынын түсіндірді.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*