Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге инвестиция тарту мәселесіне баса мән беріп келеді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Келес Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Республика бойынша бұл бағытта тиісті шаруалар да атқарылып жатыр. Бұл жерде көзделген басты міндет – еліміздің әрбір өңірінде өндіріс ошақтарын салу. Ал, ол дегеніңіз – сол өңірдің халқы жұмыспен қамтылады деген сөз. Сондықтан да аудан әкімі қытайлық инвесторлармен кездесті. Кездесуде қос тарап инвестициялық игіліктер жөнінде сөз өрбітіп, жан-жақты талқылаулар жүргізді. Айта кетейік «ACBC ОЙЛ» ЖШС-гі Ошақты ауылдық округі аумағынан жібек құртын өндіретін кәсіпорын және 67,0 га жер учаскесіне тұт көшеттерін егу жоспарлап отыр.
2024 жылдың қазан-қараша айларында Ошақты ауылдық округі Сарыжылға елдіменкенінде 20,0 га жер учаскесіне тұт көшеттерін егу жоспарлануда. Кездесу соңында қытайлық инвестор «ACBC ОЙЛ» ЖШС-гіне тұт көшеттерін жеткізіп беруге дайын екенін айтты. Қазіргі уақытта Қытай Халық Республикасынан 790 мың дана тұт көшеттерін сатып алуға келіссөздер жүргізілуде.
© Jetpisbai.kz