Аудандық мәдениет үйінде «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «5 қыркүйек –Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне арналған «Тіл – достық пен ынтымақтастықтың көпірі» атты аудандық фестивалі өткізілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шардара Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғамнцң ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында өткізілген мерекелік іс-шарада Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен аудан әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан шараға жиналған барша қауымды құттықтады.
Сондай-ақ, тіл саясатын дамыту бағытындағы жұмыстарға қосқан үлестері үшін бірқатар жандарға алғыс білдіріп, аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың атынан алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табыстады.
Егеменді еліміздің ұйытқысы болған, татулығымызды сақтауға, тәуелсіздігіміздің тұғырын асқақтатуға өз үлесін қосып жүрген өзге этнос өкілі Якубов Осман мемлекеттік тілде құттықтау-тілегін жолдады.

Тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға «Тіл-ұлттың тірегі» тақырыбында көрме жайылып, кеш концерттік бағдарламаға ұласты.
© Jetpisbai.kz