«Amanat» партиясының Шымкент қалалық филиалы мен Тұран ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» жобасы бойынша «Таза бейсенбі» шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында Тұран ауданына қарасты Гагарин 32 үй ауласында тазалық жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Тұран Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Игі іс-шараға ардагерлер, еріктілер, коммуналдык мекеме қызметкерлері барлығы 200 адам қатысты. Сонымен қатар, 4 техника жұмылдырылды.
© Jetpisbai.kz