Aудан әкімі Кайрат Жолдыбайұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеке қабылдауға алдын ала жазылған тұрғындар аудан басшысына өтiнiш-тiлектерiн жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады. Қабылдауда тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерге байланысты тиісті бөлім мен мекеме басшылары қатысып, қойылған сұрақтарға өзектілігіне қарай жауап берді.
Аудан әкімінің қабылдауына 6 азамат тіркелген. Тіркелген тұрғындардың өтініші мен ұсынысының дені жер телімі, жол жөндеу, жарықтандыру, тұрғын үйге газ тарту, жұмыссыздық, әлеуметтік жағдайы мен денсаулығы бойынша көмек, көшеге асфальт төсеу секілді бірқатар мәселелер бойынша болды.

Әрбір тұрғынның мәселесін тыңдап, заңдылыққа сәйкес түсініктеме берген аудан әкімі жұмыс сұраушыларға бүгінгі таңда аудан бойынша бос жұмыс орындарын ұсына отырып, мәселесін шешу үшін тиісті бөлімның жауапты қызметкерлеріне тапсырмалар жүктеді. Ал, өзге де мәселелерді әкім аппаратының жауапты қызметкерлері мен аудандағы мекеме басшыларының құзырына белгіленген уақыт мерзімінде орындауды тапсырды.
© Jetpisbai.kz