Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ АЛҚАЛЫ ЖИЫН ӨТКІЗДІ

АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ АЛҚАЛЫ ЖИЫН ӨТКІЗДІ

Қазығұрт аудандық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыс» тақырыбында арнайы семинар-кездесу өткізілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алқалы жиынға Түркістан облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Әбдішүкір Сапарбеков, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбай Омаров және барша мүшелері, аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов, аудандық Ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған «Әкелер мектебі» және «Әжелер алқасы» ұйымдарының мүшелері, барша ауылдық ардагерлер қатысты.
Возможно, это изображение 3 человека и текст
Семинар-кездесу барысында облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Әбдішүкір Сапарбеков ұрпақ тәрбиесі және сол жолда Ардагерлер кеңесінің атқарып жатқан жұмыстары жайлы жан-жақты баяндама жасады. Сондай-ақ, «Әкелер мектебі» ұйымының төрағасы Жүсіп Құрбанов және «Әжелер алқасы» ұйымының төрайымы Бағила Ысмаиыл қосымша баяндап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған 6 қазан күнгі жалпыхалықтық референдумға барша азаматтар Конституциялық құқықтарын пайдалана отырып, қатысуға шақырды.
Возможно, это изображение 8 человек и помост
Жиын барысында барша ауыл округ Ардагерлерінің төрағаларына және Әжелер алқасының төрайымдарына арнайы куәліктер табысталды. Қорытынды сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов, барша ардагерлер мен әжелерге, ұйым мүшелеріне ел атынан, әкімдік атынан үлкен алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*