Бұл мереке «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деп халқымыздың тағдыры үшін, тілі үшін күрескен, қазақ әліпбиінің негізін салған Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс тойланады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет үйі мен Арыс қалалық Тілдерді оқыту және дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен ауқымды шарада қалалық кітапхана ұжымы тілге қатысты материалдарды жинақтап арнайы көрме ұйымдастырды. Көрмеде тілді дамытуға қатысты жарық көрген көптеген әдістемелік материалдар мен ана тіліміздің мәртебесін артыруға бағытталған заңдар қойылды. Шараға келгендер сол дүниелерді көріп, танысты.
Негізгі жиында қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов жиналғандарды мерекемен құттықтады. Шара барысында қаламызда тіл мәртебесін арттыруда талмай еңбек етіп жүрген бір топ азаматтар қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Ал тіл мерекесіне орайластырылған шара соңы қала өнерпаздарының концертік бағдарламасымен қорытындыланды.
© Jetpisbai.kz