Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ҚАЛАНЫ ДАМЫТУ ЖОСПАРЫНА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРДЫ САРАЛАДЫ

ҚАЛАНЫ ДАМЫТУ ЖОСПАРЫНА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРДЫ САРАЛАДЫ

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласын дамыту жоспарына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстардың барысын арнайы жаяу аралап, сапасын саралады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 6 человек, дерево, дорога и текст
Аудан басшысы қала аумағын аралау барысында алдымен «Таза қала» мемлекеттік мекемесінің тарапынан бекітілген кестеге сәйкес Сарыағаш қаласы Торғай көшесі бойына жүргізіліп жатқан санитарлық-тазалық жұмыстарының барысын арнайы жаяу аралап,мекеме басшысына бірқатар ескертулер атап өтіп, жұмыс барысын жүйелендіру бойынша тапсырмалар жүктеді.
Возможно, это изображение 4 человека
Сарыағаш қаласының орталық көшелерінің санитарлық-тазалық жұмыстарына жауапты «Таза қала» мекемесі бекітілген кестеге сәйкес Торғай көшесінің бойындағы науаларды (лоток) тазалау, шөп ору, бей -берекет шашылған күл- қоқыстарды алып кету жұмыстарын жүргізді. Жалпы тазалық жұмыстарына 25 жұмысшы, 3 техника жұмылдырылды.
Аудан басшысы Сарыағаш қаласын жаяу аралау барысында Асаубаев көшесіне жалпы ұзындығы 530 метр, ені 1,20 метрді құрайтын аяқ жол салу және Дүйсебайұлы көшесіне орнатылған балалар ойын алаңшасының сапасын тексерді.
Сонымен қатар, аудан әкімі Арман Абдуллаев қала аумағындағы халық көп шоғырланған аумақтағы көлік кептелісінің мәселесін шешу мақсатында Мөлтек аумағына автотұрақ салу жұмыстарының жай-күйімен танысты.
Возможно, это изображение 7 человек и текст
Жаяу аралау барысында аудан басшысы әр салаға жауапты қала әкім аппаратының қызметкерлеріне арнайы тапсырмалар жүктеп, орындау барысын баяндауды тапсырды. Сондай-ақ,әр тапсырма өз жіті бақылауында болатынын ескертті.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*