Түркістан облысы Полиция департаментінде ұжымдағы психологиялық ахуалды нығайту және жеке құрам арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу жұмыстары үнемі назарға алынып, тиісті іс-шаралар жүргізіліп келеді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы мақсатта Түркістан облысы ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының инспектор-психологтарының ұйымдастыруымен кезекті жиын өтті. Мақсат- ІІО қызметкерінің жалпы стресске төзімділігін қалыптастыру, өзін-өзі реттеу дағдыларын үйрету.
Аппарат қызметкерлері қатысқан семинар-тренингке полиция полковнигі Мақсат Асқаров төрағалық етіп, жалпы ІІО-да орын алып жатқан суицид фактілеріне тоқталды. Сондай-ақ Түркістан облысының бас имамы Ержан Сматұлы арнайы шақыртылып, суицидтік іс-әрекетке діни көзқарасын білдіріп, әрбір қызметкердің өмірде кездесетін қысылтаяң тұстарда адами қадір-қасиетті жоғалтпауға үндеді.
Тренинг барысында тәртіп сақшыларының «Күйзелістен арылудың 10 жолы» атты бейнеролигі көрсетілді. Одан бөлек «тыныс алу» жаттығуы ұсынылды.
© Jetpisbai.kz