Aудан әкімі Азат Оралбаев Бадам, Шұбар, Шұбарсу ауыл округтеріндегі бірқатар нысандарды аралады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдымен, аудан басшысы сала мамандарымен бірге Бадам ауыл округіне қарасты Ордабасы, Орда мөлтек ауданында болып, ондағы ауыз судың уақытылы берілуін және ауыл тұрғындары толығы дерлік ауызсумен қамтылуын қамтамасыз етуін тапсырды. Аталған елді мекенде жаңадан төселген тас жолмен танысып, сала орынбасарына ауылдарда жүргізіліп жатқан жол мәселесінің стандартқа сай сапасына мән беріп қадағалауды міндеттеді.
Тұрғындардың өтініші негізінде көптеген елді мекендерде балалар ойын алаңшаларының құрылысы жүргізіліп, толық пайдалануға берілуде. Соның бірі Ордабасы ауылына жаңадан салынған ойын алаңшасымен танысқан аудан әкімі алаңшаға кіретін жолды бетондап, кіретін есігін дұрыстау керектігін айтты. Және сондағы ауыл тұрғындармен кездесіп, мәселелерін тыңдады.
Мұнан соң, Бадам ауылындағы су жинақтауыш мұнараның құрылысымен және аяқталуға жақын спорт кешеннің қазіргі жұмыстарымен танысты. Аталған нысандар сапалы әрі өз мерзімінде аяқтауды тапсырды. Табиғи газ мәселесі аясында Шұбар, Шұбарсу ауылына газ жеткізуші ҚТИА жобасының құрылыс барысын пысықтады.
© Jetpisbai.kz