Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, Түлкібас ауданы әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімшесінің басшысы А.Уркембаев және бөлімшенің бас инспекторы Г.Шултаев Машат ауылдық округ әкімінің аппарытының қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 1 человек
Қоғамдық бақылау барысында Машат ауылдық округ әкімінің аппарытында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін мекеменің ғимаратына кіруге қолайлы жағдай жасалған, яғни арнайы шақырту батырмасы бар, пандус орнатылған.
Мекемеге келген қызмет алушыларға электронды түрде қызмет алуына «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орнатылған. Бұл өз кезегінде халық арасында қызметтерді электронды нысанда алу жөнінде насихаттау жұмыстарының үздіксіз жүргізілуінің нәтижесінде электронды түрде қызмет алу үлесінің өсуіне ықпал етуде.
Аталған іс-шара барысында қызмет көрсету сапасына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, нәтижесінде мекеме басшысына тиісті ұсыныстар берілді.
Возможно, это изображение 1 человек и текст
Жұмыс тобының мүшелері тарапынан алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерге тұрақты түрде қоғамдық бақылау жүргізілетін болады.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*