Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » АРЫСТА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

АРЫСТА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Арыс қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» шарасы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Шараға мемлекеттік қызметшілер, түрлі еңбек ұжымдары, еріктілер мен жастар бір кісідей атсалысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 4 человека и текст
Сенбілікті бақылауға арнайы келген шаһар басшысы Гүлжан Құрманбекова тазалық жұмыстарының маңыздылығына тоқталып, бұл шара қаланың тазалығын сақтауда және тұрғындар арасында экомәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Сенбілік барысында Арыс-Шымкент тас жолы бойындағы арамшөптер шабылып, қоқыстар жиналды. жиналған қоқысты, үйме боп жиналған арамшөптерді тасымалдауға коммуналдық мекемелердің қызметкерлері мен арнайы техника жұмылдырылды.
Сонымен қатар, «Жасыл Арыс» КММ мамандары жол бойына егілген ағаштардың қоршауын сәнді де жайлы шарбақтарға ауыстыруда.
Возможно, это изображение 9 человек, люди занимаются стендовой стрельбой, трава и текст
Сенбілікке қатысып, туған қаламыздың көркеюіне атсалысқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасатын болады.
Алдағы уақытта осындай жалпықалалық сенбілікке тұрғындар бүгінгіден де белсене атсалысады деп сенеміз.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*