Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » COVID-19: ШЫМКЕНТТЕ 47 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ

COVID-19: ШЫМКЕНТТЕ 47 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ

Шымкент қаласы әкімдігі қала аумағындағы 30 наурыздағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді. Олардың мәлімдеуінше, 30 наурыз күнге КВИ-дің 47 жағдайы тіркелген. Оның 32-нің белгілері бар болса, 15-де белгілері жоқ. Сонымен 32 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 15 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға инфекциялық стационарларда барлығы 560 орын бар, оның ішінде 270-ы бос, карантиндік стационарларда барлығы 500 орын, оның ішінде 500-і бос. Инфекциялық және карантиндік стационарларда 290 адам емделуде.
Жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 308525, тәулігіне 2017.
Бүгінде қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 22 мобильдік топ жұмыс атқаруда.
2021 жылғы 30 наурыз күнге 311 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның шінде 27 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Мамандар қала тұрғындарына сақтық шараларына салғырт қарамай, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуын, қоғамдық көліктерде, дүкендер мен қоғамдық тағамдану орындарында бетперде киіп жүруге шақырады. Вирусты инфекцияға шалдыққан адамдардың санының одан әрі артуы немесе артпауы сіз бен бізге байланысты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*