Aудан әкімі Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округі Шымырбай елді мекеніндегі №41 Асанов атындағы жалпы орта мектебіне жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстарының сапасын бақылады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан басшысы жөндеу жұмыстарын бақылап, білім беру ордасының басшылығына және мердігер мекемеге өкіліне мектеп ғимаратына жүргізілген жөндеу жұмыстарына пайдаланылған құрылыс материалдарының сапасы бойынша бірқатар ескертпелер атап өтіп, атқарылған жұмыстардың нәтижесі қанағаттандырылықсыз жағдайда екенін ескертті.
Айта кетсек, мектеп ғимаратына ішкі әрлеу-сырлау, электор жүйесін ауыстыру, жылу жүйесін және шатырын ішін ара ауыстыру жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, 2 сынып бөлмесінің едені ауыстырылып, мектеп дәлізі қалпына келтірілген.
Келесі кезекте аудан басшысы Шеңгелді және Жылға елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан газ құбырларын тарту жұмыстарына жауапты мердігер мекеме өкілімен кездесіп, құрылыс жұмыстарының мән-жайын талқылады.
Құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан аудан басшысы жауапты бөлім басшысы мен мердігер мекеме өкіліне бірқатар тапсырмалар жүктеп, құрылыс жұмыстарын мерзімінде және сапалы аяқтауды жүктеді.
© Jetpisbai.kz