Aудан әкімі Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округіне арнайы жұмыс сапары барысында Жылға елді мекенінде «Ауыл- ел бесігі» бағдарламасы аясында бой көтеріп жатқан спорт кешенінің құрылыс жұмыстарының барысымен танысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда, нысанның ішкі қабырғалары қаланып, ішкі электр жүйелерін тарту және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар,ғимараттың еденіне кафельдер жабыстыру және ішкі кәріз жүйесі, сыртқы сэндвич панель орнату жұмыстары жүргізілуде.
Атқарылған құрылыс жұмыстарын саралаған аудан басшысы жұмыс қарқынын күшейте отырып, құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізу керектігін ескертті, сондай-ақ, ауыл әкімі мен жауапты бөлім басшысына жұмыс барысын баяндап отыруды тапсырды.
© Jetpisbai.kz