11-13 қыркүйек аралығында Мақтаарал ауданында Түркістан облысының құрылғанына 6 жыл толуына орай ересектер арасында волейболдан Түркістан облысының VI Спартакиадасы болып өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған сайыста Созақ ауданының құрама командасы кезекті рет қарсылас командалардан басым түсіп, Түркістан облысының чемпионы атанды. Созақтық спортшылар бұған дейін 6 жылдың ішінде 4 рет чемпион атанса, оның үшеуі сонғы үш жылда қайталанып отыр.
Сайыс нәтижесі бойынша екінші орынға Түлкібас ауданы тұрақтап, жүлделі үшінші орынды Жетісай ауданы місе тұтты.
© Jetpisbai.kz