«Таза Қазақстан» Республикалық аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері, ерікті жастар мен тұрғындар жұмыла кірісті. Әр мекеме өздеріне бекітілген сектор аумағын абаттандыруға атсалысты. Бұған қоса аялдамаларды, ішкі көшелерді, саябақтар мен арық-атыздарды тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ бірқатар бөлім, мекеме қызметкерлері Түркістан бағытына шығар жол бойындағы “Жасыл белдеу” аумағына жұмылдырылды. “Жасыл белдеу” аумағындағы қоршауларды ретке келтіріп, арам шөптер оталды. Тал көшеттер суарылып, күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді.
© Jetpisbai.kz