Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ӘСКЕРДЕГІ ТӘРТІП ПЕН ТАЛАП — БАСТЫ ҚАҒИДА

ӘСКЕРДЕГІ ТӘРТІП ПЕН ТАЛАП — БАСТЫ ҚАҒИДА

2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы қос палаталы Парламентінің отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Жолдау Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына арналды. Мемлекет басшысы өз сөзінде елдің әлеуметтік тұрмысын жақсартуға арналған экономикалық нақты өзгерістер мен жігерлі әрекеттер керек екендігін атап өтті. Жолдауда аталған барлық тоғыз басымдық осы міндеттерді орындауға бағытталмақ.
Сондай-ақ, қоғамдағы заң мен тәртіп идеологиясы ерекше аталып өтті. Ол туралы тоғызыншы басымдықта айтылды. Цифрлық технологиялардың дамуымен қатар, алаяқтықтың түрлері де көбейіп кеткендігі, оған қарсы тұру үшін қоғамның экономика және қаржы негіздері бойынша білімін арттыру керек екендігін айтып өтті.
Азаматтардың құқығын қорғау саласында да көптеген жұмыстар атқарылып жатқандығын тілге тиек етті. Әділетті қоғам құра отырып, дамыған елдермен терезесі тең мемлекетке айналатындығымызды қадап айтты.
Президент әскер тақырыбын да айналып өткен жоқ. «Әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы – айрықша маңызды міндет. Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет. Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады.
Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты», — дей келе, әскердегі тәртіп пен заңның сақталуы, әскердегі сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне басшыларының тікелей жаупты екендігін атап көрсетті.
Біз өз тарапымыздан әскердегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуы, әскери қызметтің қауіпсіздігі әрқашан назарда болғандығын, бола да беретіндігін, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін әскердегі тәртіпті күшейте түсу мақсатында нақты шаралар қабылданатынын айтып өткіміз келеді.
Ұлттық ұландағы жоспарлы түрде жүргізілетін «Командир сағаты», «Ақпараттандыру», «Жеке тәрбие жұмысы», «Заңгер сағаты», «Прокурор сағаты», «Әскери полиция сағаты», «Сұрақ-жауап кештері», «Мемлекеттік-құқықтық дайындық» сияқты тағы басқа да заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған көптеген жұмыстар жалғасын таба бермек.
Генерал-майор Талапкер Әміреев,
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*