Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ БАСТАЛДЫ

ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ БАСТАЛДЫ

Күз келіп, күн салқындады дегенше, тұмау келді десек болады. Қаламызда 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы тәуекел тортарға тегін екпе егу басталады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу: вакцинация және дәрігерлердің ұсыныстары» тақырыбында өткен брифингте айтылды.
– 2024 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен тәуекел тобындағы адамдарды вакцинациялау үшін «Гриппол Плюс» үшвалентті тұмауға қарсы вакцина, 150 мың доза Ресей мемлекетінде өндірілген «Петровакс Фармның» тривалентті инактивацияланған вакцина сатып алынды. Қазіргі уақытта вакцина Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының қоймасына келіп түсті, қаланың медициналық ұйымдарына таратылуда. Бұл науқанға толық дайынбыз деп айта аламыз, – дейді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Дүйсенбаева.
Басқарма өкілінің айтуынша 2024 жылы 150 000 адамға тұмауға қарсы иммундау жоспарланған, бұл жалпы халықтың 12,0 — 12,5 пайызын құрайды. Ал тәуекел топ деп, медицина қызметкерлерін, өмірдің алты айынан асқан жиі ауыратын балалар, білім беру ұйымдарының, балалар үйлерінің балалары, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметтерін алушылар, жүрек-қантамыр жүйесінің, тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша адамдар, екінші немесе үшінші триместрдегі жүкті әйелдерді айтамыз.
Вакцинаны 6 айлық балаларда, жүкті әйелдерде жүктіліктің 2-3 триместрінде, ересектерде жас шектеусіз қолдануға рұқсат етіледі. Тұмауға қарсы Вакцинация тұрғылықты жері немесе тіркелген жері бойынша емханалардың егу кабинеттерінде жүргізіледі.
Дегенмен ЖРВИ/тұмаумен сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық ахуалы қалада тұрақты. «2024 жылдың 8 айында өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен ЖРВИ аурушаңдығының 14,15%-ға төмендегені байқалған, тұмау 1,66 есеге жоғарылаған» дейді мамандар. «Қалада ковид өршіп тұр, карантин енгізіледі екен» деген әңгімені естіп қаламыз. Осыған байланысты да сұрақтар туындап, мамандардан жауап алдық.
Сондай-ақ, 1 қыркүйектен бастап медициналық ұйымдардың тұмауға қарсы иммундау науқанын жүргізуге дайын болуы пысықталып, медициналық ұйымдарда медицина қызметкерлерінің бетперде кию режимі енгізілген.
Мектептер мен медициналық ұйымдардың кіреберісінде ЖРВИ және тұмау белгілері бар науқастарды анықтау үшін тиісті көрсеткіштері бар «сүзгілерді» ұйымдастыру және жабдықтау тапсырылған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*