Анарбек Орман – республикаға есімі белгілі азамат. Ол Шымкент қаласын ауыз сумен қамтамасыз етем деп, бүгінде басы дауға қалып отыр. Неге? Өйткені, ол өз жұмысында кем дегенде он қатеге жол беріп қойды! Ол қандай қателер:
1. қала тұрғындарына таза, сапалы су беруге ұмтылғаны;
2. кеңес заманында тозығы жетіп, қараусыз қалған ескі су құбырларын толық жаңартқаны;
3. тұрақты түрде ауыз судың ысырап болмауын қадағалағаны;
4. «судың да сұрауы бар екенін» алға тартқаны;
5. модернизацияға бет бұрғаны;
6. су жүйесіне қатысты жұмыстардың бәрін реттеп, цифрландырғаны;
7. көптеген жаңашылдық тәсілдерін қолданғаны;
8. оң өзгерістерді тариф есебінен емес, несие алу арқылы іске асырғаны;
9. өз жұмысында бюджет қаражатына иек артпағаны;
10. қирап қалған мекемені табысты өндіріс орнына айналдырғаны және т.с.с.
Иә, әрине, кезінде ешкім жақындағысы және жауапкершілікті мойнына алғысы келмеген, бүгінде Анарбек Орманның іскерлігі мен еңбекқорлығы арқасында жұмысы жүйеленген, табысы жоғарылаған мекеме іштарлық пен қызғаныштан буынып өліп кете жүрген бірқатар шенеуніктердің ұйқысын бұзып отыр. Ол жағы түсінікті де шығар?!.
© Әсет Әссанди